08.07.2025

Қ.Тоқаев Қытайға 1 500 киік сыйлады


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына 1 500 бас киік беру туралы шешім қабылдады. Бұл бастама көрші елдегі киік популяциясын қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылмақ.

Киік – дипломатиялық экологиялық сый
Қытайдың батыс бөлігінде бұрын болған, алайда жойылып кеткен киік түрін қалпына келтіру үшін Қазақстан тарапы 1 500 киікті көшіру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ресми мәлімет Ақорданың баспасөз қызметі арқылы таратылды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда киік популяциясын қалпына келтіру мақсатында оларды Қытайдың батыс бөлігіне қоныстандыру үшін 1 500 киікті сыйға беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді,» – делінген ресми хабарламада.

Қытай Төрағасы Си Цзиньпин бұл шешімді оң бағалап, Қазақстанға алғыс білдірді. Оның айтуынша, бұл Қытай үшін үлкен экологиялық көмек болмақ.


ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Президенттің тапсырмасын растады. Қазіргі уақытта жауапты мекемелер бұл процесті ұйымдастыру және киіктерді қауіпсіз көшіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Қазақстанда киік – күйікке айналды ма, әлде қорғалуы тиіс жануар ма?
Сарапшылар бұл шешімді әртүрлі қабылдауда. Бір жағынан, Қазақстандағы киік саны шектен тыс көбейіп, фермерлік шаруашылықтарға залал келтіруде. Соңғы деректер бойынша, елімізде 4 миллионнан астам киік бар, әсіресе Батыс, Солтүстік және Орталық Қазақстан өңірлерінде.

«Фермерлер егістік алқаптарын киік таптап жатыр деп жиі шағымданады. Бұл ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіруде,» – дейді салалық сарапшылар.

Екінші жағынан, киік – халықаралық дәрежеде қорғалатын жануар. Бұған дейін киік санын реттеу, яғни аулау мәселесі де талқыланған, алайда CITES (Биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық конвенция) аңшылыққа рұқсат бермеген.

«Киік популяциясын реттеу туралы ұсыныстар айтылғанымен, аналық киікті ату сияқты қадамдарға нақты биологиялық негіздеме жоқ,» – дейді мамандар.

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *