08.07.2025

Қостанай облысы Қарасу ауданында су бұру арнасын салуға ₸1 млрд бөлінді

Жаңадан салынатын су бұру арнасының ұзындығы 14,2 шақырым. Ал оны жүзеге асыруға кететін қаржының жалпы сомасы 1,9 млрд теңге. 1 млрд үкімет резервінен бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қалған 900 миллион теңге облыстық бюджеттен беріледі.

2024 жылы көктемде болған су тақсыны кезінде Қарасу ауданындағы 5 көлдің суы қосылып, 621 шаршы шақырым аумақты су басқан болатын. Олар: Тімтуар, Қойбағар, Алабота Биесойған және Жаншора көлдері. Су басқан аумақта 234 электр бағаны яғни 38 шақырым электр желісі тартылған. Егер олар құлағанда 10 мыңға жуық тұрғыны бар бірнеше ауыл мен 114 ауыл шаруашылығы құрылымы жарықсыз қалатын еді.

Сондай-ақ су басқан аумақта облыстық және аудандық маңыздағы жолдар мен байланыс желілері, егіс және жайылымдық жерлер бар. Жоба авторларының айтуынша, 1,9 миллиард теңгеге салынатын 14,2 шақырымдық су арнасы тасқын суды тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, ауылдар мен инфрақұрылымға төнген қауіпті жояды. Жобаның қашан аяқталатыны жарияланбаған.

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *