10.12.2025

Тірідей салмағы: 970 келі. Туғанына 51 ай. Яғни төрттен асқан. Тұқымы ANGUS. Лақап аты «Маверик».

Үздік бұқа 17-18 шілде күндері Ақмола облысында өткен Jańa Dala / Green Day 2025 көрмесінде анықталды. Оған елдегі ірі қара ұстайтын ең ірі шаруа қожалықтары қатысқан. Финалға қалмақ, қазақ ақбас, герефорд және ангус тұқымдары шыққан. Үздікті анықтаған әділ қазылар алқасының құрамында АҚШ, Ұлыбританиядан келген мамандар болған.  Жалпы көрмеге АҚШ, Қытай, Нидерланды, Германия, Ұлыбритания, Австрия, Франция, жапония сынды 20-дан астам елден 200 ден астам компания өкілі келіп, өз өнімін мен техника технологиясын көрсетті.

KazBeef Ltd. директоры Еспол Айсабаевтың айтуынша, жазғы жайылымдар Ақмола облысы, Мамай ауылы маңында орналасқан. Бұл аймақ – жауын-шашыны өте аз, жылына 350 мм-ге жетпейтін шөлейт өңір. Дегенмен “Көктемде салмағы 120-150 келі болатын баспақтар жайылымда жүріп ақ , шілде-тамызда 6-7 айлығында  салмағы 330 кг-ға дейін жетеді. Орташа салмақ – 250 кг.”

Қыста ірі қара қорада тұрады. Жем-шөп, сабан және арпа – суармалы алқаптардан дайындалады.
Республикалық көрмеге Қазақстанның үздік племрепродукторларынан 12 бұқа әкелінді. Олардың қатарында:
                •             KazBeef Ltd.
                •             КТ «Мамбетов и К»
                •             «Атамекен-Агро-Шұқыркөл» (СҚО)
Англиядан келген Стивен Джонс пен АҚШ сарапшысы Фрэнк Грейвс төрелік еткен байқауда, KazBeef Ltd. компаниясының Рокки (кіші жас тобы, 18 айға дейін) мен Маверик (үлкен жас тобы, 18 айдан жоғары) есімді бұқалары екі топтың да жеңімпаздары атанды.

“Маверик – табиғи жолмен алынған генетикалық жетістік”

“Маверик – АҚШ-та өсірілген Angus тұқымының өкілі. Оның әкесі ABS Global компаниясынан әкелінген ұрықпен қолдан ұрықтандыру арқылы алынған. Бұл компания бізге генетика таңдағанда тек бұқаның сапасына ғана емес, біздің климаттық және азықтық жағдайымызға да сай нұсқаларды ұсынады. Міне, солай Stevenson Rockmount RX933 бұқасы – Мавериктің әкесі болды. Ал Мавериктің өзі табиғи жолмен дүниеге келді”, – дейді Еспол Айсабаев.

Angus – Қазақстан үшін ең тиімді тұқым

Бүгінде нарықта бейімделген, бірінші санаттағы Angus бұқаларының бағасы 1,5 миллион теңгеге дейін жетеді. Маверик сынды генетикалық сапасы жоғары, жергілікті жағдайға бейім бұқалар Қазақстандағы ет өндірісін жаңа деңгейге көтере алатыны сөзсіз.

Кілт сөздер: Angus тұқымы, Qazaq Angus, Маверик бұқа, KazBeef Ltd., асыл тұқымды ірі қара, Қазақстан жайылымы, ірі қара мал шаруашылығы, Angus бағасы, асыл тұқымды бұқа сатып алу, мал бордақылау, қазақ даласы, фермерлік бизнес Қазақстанда

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *