09.07.2025

«Орталық — Батыс» бағытындағы жол құрылысы басталды


Қостанай облысының Торғай өңірінде «Орталық – Батыс» жаңа автомагистралінің құрылысы басталды. Бұл жоба Президенттің тапсырмасы бойынша қолға алынды және Астананы Ырғыз арқылы батыс өңірлермен тікелей байланыстыруды көздейді. Жолдың жалпы ұзындығы — 889 шақырым, ал жүзеге асыру мерзімі — 48 ай. Дегенмен, мердігерлер жұмысты мерзімінен бұрын аяқтауға уәде беріп отыр.


🔹 Аркалык – Торғай бағытындағы 300 шақырымдық жол жаңғыртылып,
🔹 Торғай – Ырғыз арасында жаңа жол нөлден бастап салынады.


📉 Жаңа бағыт Торғайдың бағын аша ма?
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, Арқалық пен Астана арасындағы жол екі есеге қысқарады. Бұл моноқаланың дамуына серпін береді. Қазірдің өзінде қаланың бюджеті көбейіп жатыр. Арқалықтың биылғы бюджеті – 32 миллиард теңге, 2022 жылмен салыстырғанда 60%-ға көп.


🧭 Жол кімге пайда әкеледі?
• 6 мың жұмысшы мен 4 мың техника тартылады.
• Амангелді, Жангелді аудандары мен Арқалық қаласы, жалпы 50 ден астам ауыл шалғайдағы емес жолдың бойындағы елді мекенге айналады.
• Жол бойында кемпингтер, қонақүйлер, асханалар салына бастады.
• Көлік ағыны күніне 3 мың автокөлікке дейін жетеді деп күтілуде.


🌱 Экология ескерусіз қалмайды
Құрылыс барысында экологиялық тепе-теңдікті сақтау басты назарда:

Киіктердің миграциялық жолдарына сай, жолдың көлденең профилі өзгереді;

1:10 еңісті учаскелер жабайы жануарлардың еркін қозғалысына мүмкіндік береді.


🗣 Халықтың пікірі:
Ақылбек Сапарғалиев, Арқалық тұрғыны:
«Бұл – Торғай өңірі үшін үлкен қуаныш. Халық саны өседі, тауар айналымы артады. Енді ауыл тұрғындары өз өнімдерін еліміздің кез келген қаласына жеткізе алады.»


✅ Қысқаша:
• Жол атауы: Орталық – Батыс (Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз)
• Ұзындығы: 889 км
• Құрылысы аяқталу мерзімі: 2028 ж. (жоспар бойынша)
• Пайдасы: Жол қысқарады, ауылдар байланысады, бизнес дамиды, тұрмыс түзеледі

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *