08.07.2025

АРҚАЛЫҚТЫҢ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІН ЖӨНДЕУГЕ ₸250 МЛН БӨЛІНДІ

primeminister.kz


Арқалықтағы Жылу электр орталығы (ЖЭО) 375 ғимаратты жылумен және сумен қамтамасыз етеді. Бірақ ондағы желінің 48% тозған. Кей жерлерде 82% жетеді. Осының салдарынан берілген жылудың 30 пайызға жуығы жоғалады.

Мәселені шешу мақсатында ЖЭО желілерін жөндеуге Үкімет резервінен қосымша 250 млн теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Қазіргі таңда жылу жүйесін жаңғыртудың екінші кезеңі жүзеге асып жатыр. 2023 жылдан бері 17 шақырым жылу желісі ауыстырылды. 2025 жылы тағы 9,9 шақырым желіні жаңарту жоспарланған. Жоба толық аяқталған кезде, жүйенің жалпы тозу деңгейі 12%-ға дейін төмендейді.

Бүгінде Арқалықта 38,4 мың тұрғын бар. Жылу жүйелерін жаңарту тұрғындардың болашаққа деген сенімін арттырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық және демографиялық өсіміне оң әсер етеді.
Көлік инфрақұрылымын жаңғырту: «Орталық – Батыс» автожолының құрылысы басталды.
Маусым айында Арқалық қаласында стратегиялық маңызы зор «Орталық – Батыс» автожол дәлізінің құрылысы басталды. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасын орындау аясында қолға алынды.

Ұзындығы 865 шақырым болатын жаңа маршрут еліміздің орталығы мен батысын тікелей байланыстырады. Автожол «Астана – Жантеке – Егіндікөл – Арқалық – Торғай – Ырғыз» бағытында салынып, Астана мен Ырғыз ауылы арасындағы арақашықтықты 573 шақырымға қысқартады. Бұл жоба Транскаспий халықаралық көлік бағытына қол жеткізуді қамтамасыз етіп, өңірдің транзиттік әлеуетін арттырады.

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *