Алматыда жылына 70 мың тонна чипси шығаратын кәсіпорын салынбақ. Жобаны PepsiCo компаниясы қолға алды. Зауыттың бірінші кезеңі 2026 жылы наурызда іске қосылады. Екінші кезеңі 2027 жылдың кыркүйегіне жоспарланған. Чипсиге қажетті картопты жергілікті шаруалардан алады. Қазіргі уақытта Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облысы мен Жетісу облысынан 15-тен астам жеке кәсіпкермен картоп жеткізу бойынша келісім жасалды. Жергілікті картоптың сапасы жақсартып, қоймаларды кеңейту мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізіледі.