10.07.2025

Абай ауданында ет өңдеу комбинаты іске қосылады

Қарағанды облысының Абай ауданында ет өңдеу комбинаты салынып жатыр. Кәсіпорын іске қосылғанда тәулігіне 300 бас ұсақ мал, 50 бас ірі қараны сойып, жайғай алады. Жылына 2100 тонна шикізатты өңдейді. Яғни етті консервіленген, вакуммен және термоқаптамалармен оралған, мұздатылған, салқындатылған түрде тұтынушыға ұсынады. Болашақта кәсіпорын жүн мен теріөңдейтін желілер ашуға ниетті. Әзірге малды маңайдағы шаруалардан алуға келіскен. Кәсібі өрге домалап жатса өздері де мал өсіруді қолға алмақ. Дайын өнім Қазақстан, Парсы шығанағы елдері мен Қытай, Түркия Еуропа елдеріне сатылады.  

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *